
«Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы бірлескен университетін ашу» тақырыбында оқу келіссөздері
I am ENU scientist
Тұрақты даму
23.04.2026 35

2026 жылғы 22 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық құқық кафедрасында МП-32 тобында «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы бірлескен университетін ашу» тақырыбында оқу келіссөздері өтті. Келіссөздер барысында университеттің орналасқан жері, аккредитация, қос диплом бағдарламалары, ғылыми ынтымақтастық және студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы мәселелері талқыланды. Нәтижесінде тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мұндай семинар форматы студенттерге келіссөздерге қатысушылардың қызметі қалай жүзеге асырылатынын және оның мәні неде екенін тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік берді.
Бөлісу:
