
ЗАҢ КЛИНИКАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРУ

2026 жылғы 4 мамырда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың бас ғимаратында сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау өтті.
Азаматтарға елорданың кәсіби қоғамдастықтарының жетекші сарапшылары кеңес берді:
Астана қаласы Адвокаттар алқасының адвокаттары: Азмағамбетов Марат Амантайұлы және Байдулла Нұрлығайым Байдуллақызы;
Нотариалдық палата нотариустары: Мәдиева Райгүл Мәдіқызы және Хашиева Танзила Магомедовна;
Астана қаласының Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушылары: Балтаева Анеля Дулатқызы және Жакеев Тимур Серікұлы.
Кездесу барысында азаматтар өздерін мазалаған құқықтық сұрақтарға толыққанды жауаптар алды. Осындай форматтағы іс-шаралар халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын тиімді арттыруға септігін тигізеді.
