
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Қожантаев Рашид Дінмұхаметұлы – республикалық турнирдің күміс жүлдегері!
ЕҰУ жаңалықтары
23.06.2026 47

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Қожантаев Рашид Дінмұхаметұлы – республикалық турнирдің күміс жүлдегері!
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Қожантаев Рашид Дінмұхаметұлы Жезқазған қаласында өткен Батырлан Сариновты еске алуға арналған 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы дзюдодан республикалық турнирде сәтті өнер көрсетіп, ІІ орынға ие болды.
Жарыс барысында студентіміз жоғары дайындық деңгейін, табандылық пен жеңіске деген жігерін көрсетті.
Студентімізді жарқын жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!
Бөлісу:
