
«Менің таңдауым — жарқын болашақ»

09.11.2026 жылы Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің тапсырысымен «Зерделі Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Менің таңдауым — жарқын болашақ» жобасы өз мәресіне жетті. Қала мектептері мен мектеп-гимназияларын қамтыған іс-шара 300-ге жуық оқушы, студент және жас маманның басын қосты.
Басқосу барысында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің практик-оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Ерлан Амангельдіұлы Наурызбаев «Құқықтық сауаттылық — табысты әрі жауапты тұлғаның негізі» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында заңдық білімнің жеке тұлғаның құқықтық қорғанысы мен болашағын қалыптастырудағы рөлі жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, спикер заңгер мамандығының қыр-сырына тоқталып, мектеп бітіруші түлектерге бұл мамандыққа түсу жолдары мен болашақта қызмет атқаратын салалары туралы кәсіби бағдар берді. Кездесу соңында оқушыларға құқықтану мамандығын таңдаудың маңыздылығы мен артықшылықтары жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
