
Ашық сабақ туралы ақпарат

Заң факультеті Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының PhD докторы, аға оқытушысы Майшекина Эльдана Советовна В049-4201-25-01, В049-4201-25-05 және В049-4201-25-03 топтарының білім алушыларына «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (Жалпы бөлім)» пәні бойынша қазақ тілінде ашық дәріс өткізді. Ашық дәрістің тақырыбы — «Міндеттеме ұғымы және міндеттеменің тараптары». Дәріс барысында міндеттемелік құқықтың негізгі ұғымдары, міндеттеменің пайда болу негіздері, оның субъектілері, сондай-ақ кредитор мен борышкердің құқықтары мен міндеттері жан-жақты қарастырылды.
Лектор теориялық материалды тәжірибелік мысалдармен ұштастырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасының нормаларына талдау жасады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы Жолдауында айқындалған негізгі басымдықтарға тоқталып, азаматтық құқықтың нарықтық экономиканы дамытудағы, кәсіпкерлік қатынастарды реттеудегі, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы маңызды рөлін атап өтті.
Ашық дәріс академиялық талаптарға сәйкес, мазмұнды әрі жүйелі түрде ұйымдастырылды. Сабақ барысында білім алушылардың теориялық білімдерін тереңдетуге, құқықтық ойлау қабілетін дамытуға және азаматтық-құқықтық нормаларды тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Ашық дәріске кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, Заң факультетінің ОӘЖ төрағасы, сондай-ақ университеттің ОӘЖ бас маманы қатысты.
