
«Қылмыстық кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру құралдарын пайдаланудың секторлық тәуекелдерін бағалау» тақырыбындағы дөңгелек үстел







2026 жылғы 19 ақпанда «Болашақ прокурордың кеңістігі» алаңында «Қылмыстық кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру құралдарын пайдаланудың секторлық тәуекелдерін бағалау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары Имашев Н.С., Шаймухамбетова А.Б. және Тулеева А.Ж. Еуразия ұлттық университетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының доцент м.а., PhD докторы Даурембеков Е.К. жетекшілігімен, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерімен бірлесіп ұйымдастырды.
Талқылау барысында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл, цифрлық активтердің айналымы, қаржылық мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу шеңберінде мемлекет кірісіне қаражат өндіру мәселелері қаралды. Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға толыққанды жауаптар алды.
