
Ғалым
23.06.2021 Ынтымақтастық туралы келісімшарт.PDF

Бірлескен оқу бағдарламалары_2023 жыл_Заң факультеті+Бұйрықтар.pdf
Заң факультеті қазіргі таңда Қазақстаннның беделді университеттерінің рейтингісінде алдыңғы саптағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (ЕҰУ) жетекші факультеттерінің бірі. Факультеттің ғылыми жұмыстарының негізі инновациялық - технологиялық жол, әлемдік және еліміздің заң ғылымының жаңа жетістіктерін қолдану.
Факультеттің халықаралық деңгейдегі университетіміздің жетекші құрамдас бөлігі болып қалыптасуы біздің профессор-оқытушылар құрамына (ПОҚ) заң ғылымдарының басым бағыттары бойынша іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу міндетін жүктейді. Осыған байланысты факультеттің ғылыми - зерттеу жұмыстарының стратегиялық бағыты болып іргелі ғылымның өзекті мәселелерін зерттеуге белсенді атсалысу, сонымен қатар Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық саясатының басым бағыттарының іске асуын қаматамасыз ету үшін заңнаманы жетілдіру екені нақтыланды.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң факультеті жоғары білікті құқықтанушыларды дайындаудың танымал орталығы болып табылады және 1998 жылдан бастап өз бастауын алады.
Факультеттің ғылыми қызметін 17 ғылым докторы, 24 ғылым кандидаты, 3 PhD докторы бар профессорлық-оқытушылық құрамның оқу және ғылыми қызметін біріктіретін, қалыптасқан шығармашылық ғылыми-білім беру ортасы қамтамасыз етеді.
Факультетте жыл сайын Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесімен бірге Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған халықаралық ғылыми конференциясы және ғылым күніне арналған студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өткізіледі.
Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы іргелі-қолданбалы зерттеулер бойынша ғылыми гранттар конкурсына үнемі қатысады.
Қазіргі уақытта біздің факультетте 2018-2020 жылға ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландырудың 5 жобасы жүзеге асырылуда:
- Қазақстанда халықаралық-құқықтық міндеттемелерді орындаудың әлемдік тәжірибесін бейімдеу және заңнаманы жаңғырту процесіне ұлттық ерекшелікті сақтау мақсатында БҰҰ-ның ЭЫДҰ және ЕАЭО елдерімен шарттық органдарының өзара іс-қимылын талдау.
Ғылыми жоба жетекшісі-Абайдельдинов Е. М., з.ғ. д., халықаралық құқық кафедрасының профессоры.
- Қазақстан Республикасында қоғамдық сананы жаңғырту аясында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құқықтық мәдениетін қалыптастыру және нығайту: тарихи-теориялық, нормативтік-реттеушілік және практикалық аспектілер.
Ғылыми жоба жетекшісі-Е. Б. Абдрасулов, з.ғ. д., мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры.
- Қазақстан Республикасының Зымыран технологияларын бақылаудың ұлттық және халықаралық-құқықтық режимін жетілдіруге және ғарыш технологияларын бейбіт мақсаттарда пайдалануға қосқан үлесі.
Ғылыми жобаның жетекшісі-Куликпаева М. Ж., PhD, халықаралық құқық кафедрасының доцент м.а.
- Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында ЖОО-ны коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға трансформациялаудың құқықтық аспектілері.
Ғылыми жоба жетекшісі – Амандыкова С. К., з.ғ. д., мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры.
- Терроризм ұлттық қауіпсіздікке қауіп ретінде: ҚР қарсы әрекет жүйесіндегі қылмыстық саясатты жетілдіру.
Ғылыми жобаның жетекшісі – Сембекова Бакиткул Рактаевна- з.ғ.к., қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры.
Жыл сайын факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамы заң ғылымы мен практикасының өзекті мәселелері бойынша кеңінен сұранысқа ие ондаған монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдарын, жүздеген ғылыми мақалалар мен басқа да жарияланымдар шығарады, олардың бір бөлігі аталған көрмеге қойылған.
Заң факультеті тек заңгер-практиктерді ғана емес, сонымен қатар ғылыми қызметкерлерді де дайындайды. Факультетте Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ негізінде 6D 030100 – "Құқықтану" және 6D 030200 – "Халықаралық құқық" диссертациялық кеңесі жұмыс істейді, онда тұрақты түрде докторлық PhD диссертациялар қорғалады.
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультетінің диссертациялық кеңесі 2014 жылдан бастап 30-дан астам отырыстар өткізіп, онда 6D 030100 – "Құқықтану" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу мақсатында 28 ізденуші докторлық диссертацияларын қабылдау және кейіннен қорғау қаралды, оның ішінде 28 ізденуші диссертациялық зерттеулерді қорғау қорытындысы бойынша диссертациялық кеңестің оң шешімін алды.
Халықаралық құқық мамандығының докторанттары өздерінің диссертацияларын алыс шетелдердің үздік жоғары оқу орындарында қорғады.
Оқу үрдісінде көптеген студенттер ғылыми-зерттеу қызметіне ұмтылады: конференцияларға қатысады, ғылыми жұмыстар жазумен айналысады, факультеттің студенттік ғылыми қоғамының (СҒҚ) қызметіне қатысады. Содан кейін бұл ғылыми жұмыс магистратура мен докторантурада жалғасуы мүмкін.
Біздің студенттер әр түрлі ведомстволық, жоғары оқу орындары арасындағы, республикалық және халықаралық ғылыми студенттік конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып келеді.
Білім алушылардың жарияланымдық белсенділігі факультеттің кафедраларындағы, СҒҚ және ЖҒК ғылыми үйірмелерінің белсенді жұмысымен байланысты.
Заң факультетінің жас ғалымдар кеңесі 2000 жылы Жас ғалымдардың мүдделерін біріктіру және қорғау үшін құрылды. Кеңес мүшелері жас оқытушылар мен докторанттар, сондай-ақ университеттің 35 жасқа дейінгі профессорлық-оқытушылық құрамының мүшелері.
Заң факультетінің жас ғалымдар кеңесі (бұдан әрі-ЖҒК) ЕҰУ жас ғалымдар кеңесінің құрамына кіреді.
2018-2019 оқу жылында ЕҰУ ЗФ ЖҒК құрамы 10 адамды құрайды.
Заң факультетінің жас ғалымдары факультеттің ғылыми іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге тікелей қатысады.
ЗФ ЖҒК ғылыми-зерттеу жұмысы кафедра аясында оқытушылар құрамының, PhD докторанттарының және магистранттардың күшімен жүзеге асырылады.
ЗФ ЖҒК мүшелері жас ғалымдар мен талантты студенттердің ғылыми үйірмелерінің жұмысына белсенді қатысады.
Факультетте 4 ғылыми үйірме жұмыс істейді.
Сонымен, факультеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары факультетіміздің ЕҰУ ғылыми және зерттеу құрамдас бөлімі ретінде әрі қарай дамуына бағытталған.
Жоспар_НИР_Заң факультеті_2023-2024 оқу жылы.pdf
