
№45 «Жалпы Орта Білім беретін мектеп» ККМ түлектерімен кәсіби бағдар бойынша кездесу өтті
Түлектер - 2025
Практика
20.02.2026 13





Астана қаласы орта мектептерінің 10-11 сынып бітіруші түлектерімен кәсіби бағдар жұмысын жүргізу аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультеті Халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушылары Қаражан Бекмырза Серікұлы мен Ергалимова Ақбопе Нұрмұханбетқызы 2026 жылдың 19 ақпанында Астана қаласының №45 «Жалпы Орта Білім беретін мектеп» ККМ түлектерімен кәсіби бағдар бойынша үгіт-насихат жұмысын өткізді.
Кездесу барысында мектеп бітіруші түлектерге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жайлы қысқаша мағлұмат бере отырып, Халықаралық құқық мамандығы туралы толық ақпарат беріп өтті.
Бөлісу:
