
Көшпелі сабақтар өткізілді







«Әкімшілік әділет» пәні алғаш рет «Құқықтану» мамандығы бойынша заңгерлерді даярлаудың Білім беру бағдарламасына 2023 жылы оқуға қабылданғандар үшін енгізілді. Бұл 2020 жылғы 29 маусымда қабылданып, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекске (ӘРПК) ел Президентінің қол қоюымен байланысты болатын. Оқу барысының алтыншы семестрінде студенттер осы пәнді игеруге кірісті. Пәнді Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының аға оқытушысы, ішкі істер органдарының ардагері, з.ғ.к. Қарабаев Ф.Ж. жүргізеді.
Пәнді зерделеуді жақсарту мақсатында оқытушы студенттердің тікелей сот ғимаратына шығуымен сабақтар өткізу тәжірибесін пайдалануда. Осы мақсатта ол Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты (МАӘС) төрағасының міндетін атқарушы К.Қ. Смағұловтың қабылдауында болды, ол осы бастаманы қолдап, судья Р.Д. Оразымбетованы көшпелі сабақтарға жауапты етіп тағайындады.
Рита Джексембиевна 9 жылдық тәжірибесі бар судья, студенттерге ӘРПК және МАӘС қызметі бойынша шолу дәрісін оқыды, содан кейін өзі өткізетін сот отырысына шақырды.
Бірінші процесс талапкердің мәліметтерін өз базасына уақытылы енгізбегені үшін жеке тұлғаның «Азаматтарға арналған үкіметке» қарсы талап-арызымен байланысты болды, соның салдарынан жеке тұлға материалдық шығынға ұшырады. Тараптар бір-біріне құрметпен қарай отырып, өз пікірлерін дәлелдеуге тырысты. Судья отырысты кәсіби түрде жүргізді, келесі отырыс 13 наурызға белгіленді.
Екінші процесте талапкер апелляциялық сатыға жүгінуге мүмкіндік бермеген жеке сот орындаушысына шағымданады. Мұнда талап қоюшының өкілі - тәжірибелі адвокат өз қорғаушысының жалғыз баспанасынан айырылғанына алға тартты. Іске мүдделі адам талап қоюшыны қорлауға жол берді, талапкердің өкілі оған дереу жауап берді. Ал судья қатысушыларға соттағы тәртіп бұзғаны үшін жауапкершілік туралы қатаң ескертті. Судьяның бұл үшiн 50-ден 100 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде ақшалай айыппұл салуға құқығы бар екендігін ескертті. Отырыс аяқталғаннан кейін судья студенттерді бұл істе қандай шешім қабылдар едіңіздер деген сауал қойды. Студенттер істі қызу талқылады, әрқайсысы өз ұстанымын дәлелдеді, фактілермен дәлелдеді, ӘРПК нормаларына сүйенді.
Студенттерге көшпелі сабақ өте ұнады. Олар сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді, ұйымдастырушыларға алғыс айтты. Оқытушы студенттердің екінші межелік бақылау кезінде білім деңгейін анықтау олардың өздері ұйымдастыратын оқу әкімшілік сотының қорытындысы бойынша қабылданатынын мәлімдеді.
МАӘС өкілдері Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Заң факультетімен одан әрі ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдірді.
