
Факультеттің құрылу және даму тарихы
Факультет 1997 жылы қыркүйек айында тарих факультетінің шеңберінде «Құқықтану» мамандығын дайындау мақсатында т.ғ.д., профессор К.А. Ахметовтың жетекшілігімен негізделіп, 1998 жылы өз алдына жеке заң факультеті құрылды. Факультеттің даму тарихында мынадай заңгер ғалымдар жетекшілік атқарды: A.M. Нурмагамбетов, Ж.Утенов, Е.Ж.Шалбаев, К.Ж. Балтабаев, Г.Б.Испаева, С. М. Омирбаев, М.А. Сарсембаев, Е.Б. Абдрасулов, Ж.И.Ибрагимов, Ж.Д. Бусурманов. Ш.В. Тлепина, Каржаубаев Е.К., Е.А.Онгарбаев, С.К.Амандыкова, Б.М.Сматлаев.
2020 жылдың 3 желтоқсанында заң ғылымдарының докторы, профессор Б.М.Сматлаев заң факультетінің деканы болып тағайындалды. Көрнекті ғалым-заңгер, Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Б.М.Сматлаев прокуратурада 30 жылдан астам жұмыс істеді және жетекші қызметтер атқарды. Ол «Қазақстан Республикасының Прокурорлық Қадағалау», «Қылмыстық процестегі дәлелдемелер мен дәлелдеу» оқулықтарының, «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық сот ісіндегі дәлелдеу мен дәлелдемелер мәселелері: теория мен практика» монографиясының, «Қазақстандағы терроризммен және экстремизммен күрес мәселелері» оқулықтарының авторы.
Заң факультетінің жаңа трендтерге сәйкес дамуы профессор Б.М.Сматлаев қызметімен тығыз байланысты. Факультет тарихында алғаш рет Астана қаласы бойынша Полиция департаментінің базасында криминалистикалық полигон ашылды. Сонымен, 2019-2020 оқу жылында Астана қаласы бойынша Полиция департаментінің жанынан, Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісі, Республикалық сот сараптамасы орталығында кафедраларының филиалдары ашылды.
Факультетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты насихаттауға үлкен мән беріледі. Биылғы жылы факультетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы Аймақтық хаб ұйымдастырылды. Хаб өзінің қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты насихаттауда көреді.
Хабтың ұйымдастырушылары мен алғашқы қатысушылары заң факультетінің білім алушылары болып табылады, кейін басқа факультеттер мен университеттердің білім алушылары қосылды. Қатысушылар ретінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Тюмень мемлекеттік университеті (Тюмень, РФ), Тәжік мемлекеттік университеті (Душанбе), Баласағұн атындағы ұлттық университеті (Бішкек). Вроцлав мемлекеттік университеті (Польша), Варшава мемлекеттік университеті (Польша), Ресей халықтар достығы университеті (Мәскеу), Сүлейман Демирел атындағы университет (Түркия).
Факультеттің басты міндеттерінің бірі ғылыми кадрларды даярлау болып табылады. Осы мақсатта 2019 жылы жаңартылған форматта PhD докторлық диссертацияларды қорғау бойынша Диссертациялық Кеңес ашылып, өз жұмысын атқаруда.
Заң факультетінің қазіргі кезеңдегі даму бағыттары Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстан Республикасының 2010 - 2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында, Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында (2020-2025жж.) қойылған міндеттермен тығыз байланысты.
Университет және заң факультетінің миссиясы құқықтық білім мен ғылымды дамытудағы мақсаттар мен міндеттерді жетуге асыруға негізделген.
