
История факультета
Факультеттің құрылу және даму тарихы
Заң факультетінің тарихын 1997 жылдың қыркүйегінен бастап, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да алғаш рет тарих факультетінің базасында «Құқықтану» мамандығы бойынша студенттерді оқытуды бастағанын айтуға болады. Сол кезде тарих факультетінің деканы т.ғ.д., профессор К.А. Ахметов болды, оның басшылығымен заң мамандығы бойынша алғашқы талапкерлерді қабылдау жүргізілді. Содан кейін 1998 жылы дербес заң факультеті құрылды. Заң факультетінің 25 жыл ішінде оның жетекшілері белгілі заңгер ғалымдар мен қоғам қайраткерлері болды: A.M. Нұрмағамбетов, Ж. Утенов, Е.Ж. Шалбаев, Қ.Ж. Балтабаев, Г.Б. Испаева, С.М. Омирбаев, М.А. Сарсембаев, Е.Б. Абдрасулов, Ж.И. Ибрагимов, Ж.Д. Бусурманов. Ш.В. Тлепина, Е.Қ. Қаржаубаев, Е.А. Оңғарбаев, С.К. Амандыкова.
Қазіргі уақытта заң факультетін заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрметті қызметкері, мемлекеттік наградаларға ие профессор Бауыржан Мамытбекұлы Сматлаев басқарады,.
Декан Б.М. Сматлаев барлық оқу үдерісін, білім беру бағдарламаларын қайта қарады, профессорлық-оқытушылар құрамы жаңартылды. Оның басшылығымен факультет шетелдік заң университеттерімен және шетелдік университеттердің факультеттерімен қарым-қатынас орнатты. Оқытушылар ретінде басқа елдердің беделді заңгер ғалымдары мен практикалық қызметкерлерді тарту тәжірибесі енгізілді.
Оның басшылығымен заң факультеті түлектерінің қауымдастығы құрылды, «Құқықтану» және «Халықаралық құқық» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңес ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта факультетте белгілі ғалым – цивилистер А.Е. Бектұрғанов, Е.Н. Нұрғалиева, С.Б. Жаркенова, А.А. Мұқашева, Сақтағанова И.С. конституционалист-теоретиктер М.С. Бейбитов, Е.Б. Абдрасулов, Ш.В. Тлепина, Ж.И. Ибрагимов халықаралық ғалымдар М.А. Сәрсембаев, Е.М. Абайдельдинов, қылмыстық құқық саласындағы мамандар Е.А. Оңғарбаев, Қ.Ж. Балтабаев, процессуалистер Б.М. Сматлаев, А.Н. Ахпанов және басқалар жұмыс істейді.
Заң факультеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы, конституциялық және азаматтық құқық кафедрасы және халықаралық құқық кафедрасы сияқты үш негізгі кафедрадан тұрады.
Бүгінгі таңда факультетте 50-ге жуық оқытушы құрамы жұмыс істейді. Оның ішінде - 19 заң ғылымдарының докторы, 17 заң ғылымдарының кандидаты, 10 - PhD докторы. Факультеттің 16 оқытушысына «Жылдың үздік оқытушысы» атағы берілді.
Факультет жылына орта есеппен 160 бакалавр, 30 магистрант және 5 докторант бітіреді.
Факультет ғылыми қызметке үлкен мән береді. Бес жыл ішінде 10-нан астам оқытушы PhD докторы болды.
Біздің факультет 2009 жылы «Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ Хабаршысы. Заң ғылымдар сериясы» ғылыми журналының бірінші нөмірін шығарды, онда Қазақстанның және шет елдердің көрнекті ғалымдарының, жас ғалымдардың материалдары жарияланады. Астана қаласы бойынша полиция департаменті, Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісі, республикалық сот сараптамалары орталығы жанындағы кафедралардың филиалдары ашылды. Факультет қызметінде Конституциялық Сотпен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және Әділет министрлігімен ынтымақтастық маңызды орын алады.
Біздің оқытушыларымыз көптеген республикалық және шетелдік ғылыми іс-шараларға қатысады, көптеген ғылыми-зерттеулерді, соның ішінде құқықтанудың әртүрлі салаларындағы мәселелер бойынша мемлекеттік гранттар бойынша іргелі зерттеулерді орындайды, монографиялар, оқулықтар, әдістемелік құралдар шығарады, ғылыми және талдамалық мақалалар жариялайды және өзге де ғылыми жұмыстарды орындайды.
Факультет құқықтанудың әртүрлі салаларын, атап айтқанда экологиялық және табиғат ресурстары құқығын, еңбек құқығын, қылмыстық, қылмыстық процесс және қылмыстық-атқару құқығын, криминологияны, халықаралық құқықты, заң ғылымының теориясы мен тарихын білдіретін ғылыми мектептер құрып, тиімді жұмыс атқаруда.
2022 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ қаулысымен зерттеу университеті мәртебесіне ие болды және 2022-2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді. Заң факультетінің негізгі бағыты ғылыми және білім беру қызметін интеграциялауды дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру, кадрлар даярлау сапасын арттыру, ғылымның, өндіріс пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайту, елдің әлеуметтік дамуына қосқан үлесін арттыру болып табылады.
Университет пен факультеттің миссиясы Қазақстан Республикасында заң білімі мен ғылымды дамытуда қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған.
