
ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң факультетінің Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының 2-курс студенті Тұрсын Ернұр Ғаниұлы «Білім Инновация» орталығы мен «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан Халықаралық «ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты талантты студенттердің байқауына қатысып, жеңімпаз атанып, арнайы тағайындалған «ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты төсбелгісімен, төсбелгіні куәландыратын куәлікпен, «ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты статуэткасымен және І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жас ұрпақ – елдігіміздің тұғыры, мемлекеттің болашағын айқындайтын шешуші күш. Қоғамдық сананы жаңғырту, ұлттық бірегейлікті сақтау және мемлекет мүддесіне қызмет ететін жаңа буын көшбасшыларын тәрбиелеу – стратегиялық маңызды міндеттердің бірі. Бүгінгі таңда мемлекетіміздің баянды болашағы – ойы озық, білімге құштар, ұлтжанды жастардың қолында. Сол себепті қоғамдық белсенділік танытып, ізденіс пен іскерлікке негізделген бағытта қызмет етіп жүрген көшбасшы жастар – ұлттық дамудың басты тіректерінің бірі саналады.
Осы тұғырлы сөздердің нақты көрінісі ретінде студенттік кезеңнен бастап Орта Азия елдерінің арасындағы жастар саясатының дамуына қосылып жүрген үлес, білім мен ізденісті басты құндылық еткен ұстаным өзге жастарға үлгі болары сөзсіз.
Жас көшбасшылардың бар болуы – еліміздің ең басты стратегиялық ресурсы. Қоғамға қызмет ететін көшбасшы жастардың арқасында Жаңа Қазақстанның тәуелсіздігі мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет болатынына сенім білдіріледі!
