
«Халықаралық заңгерлерді даярлаудың заманауи тәсілдері» атты IV Workshop аясында Қазақстандық қоғамдық даму институтының Қоғамдық процестерді зерттеу және болжау бөлімінің меңгерушісі, PhD докторы Куликаева Мира Жумагазыевна дәріс оқыды
ЕҰУ жаңалықтары
03.04.2026 13









2026 жылғы 3 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық құқық кафедрасы ұйымдастырған воркшоп аясында Қазақстандық қоғамдық даму институтының Қоғамдық процестерді зерттеу және болжау бөлімінің меңгерушісі, PhD докторы Куликаева Мира Жумагазыевна дәріс оқыды.
Дәріс тақырыбы – «Халықаралық шарттарды әзірлеудегі қазақстандық тәжірибе (ноу-хау)». Лектор халықаралық келісімдерді әзірлеудің ерекшеліктері, ұлттық тәжірибенің артықшылықтары және заманауи үрдістер туралы кеңінен баяндады.
Іс-шара барысында қатысушылар практикалық аспектілермен танысып, халықаралық шарт құқығы саласындағы білімдерін тереңдетті.
Бөлісу:
