
Материалдық база
Университеттің материалды-техникалық және әлеметтік базасы компьютерлік паркты және лабораториялық жабдықтар жаңарту, оқу және кеңселік жиһаздар мен спорттық құрал-саймандар, мультимедиялық және типографиялық жабдықтарды сатып алу, талшықты-оптикалық желілерін өткізу, ғимарат қасбеттерін қалпына келтіру, ағымдағы және күрделі оқу корпустары мен студенттер үйлерінде жөндеу, есебінен жетілдіріледі.
ОБ бойынша білім алып жатқан № 1 (ОӘК) оқу корпусында мүмкіндігі шектеулі және мүгедек студенттер үшін барлық жағдайлар жасалған (Кіре берісте пандус, сонымен қатар оқу корпусының барлық қабаттарында лифт жұмыс істейді).
Әлеуметтік қолдау бағдарламасы барысында университтетте медициналық орталық және студеттік кинотеатр (№ 5 студенттер үйінде), спорт секциялары (футбол, волейбол) жұмыс атқаруда.
Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасы жыл сайын материалдық-техникалық базаны жаңартып отырады: компьютерлер, принтерлер, көшірмелер жасау, көпфункционалды құрылғылар, сканерлер, ноутбуктар; дәрісханаларды техникалық оқу құралдарымен жабдықтау (проекторлар, интерактивті және мультимедиялық тақталар, проекторларға арналған экрандар). Кафедрада жалпы 11 компьютер, 6 принтер, 2 сканер және 1 көп функционалды құрылғы бар.
Кабинеттерге келсек: кафедрада бірнеше атаулы кабинеттер бар. Атақты ғалым, заңгер ҚР ҰҒА Академигі С. З. Зимановтың 90-жылдығына орай заң факультеті қабырғасында 2011 ж. С.З.Зиманов атындағы дәрісхана кабинетінің ашылуы өтті (215 кабинет). 2021 жылдың 19 ақпанында С.Зимановтың 100 жылдығына орай 215 кабинет жаңартылып, таныстырылды.
2017 жылы Л.Н.Гумилев ЕҰУ базасында Белоруссия Ұлттық этолондық құқықтық анықтамалық ақпарат орталығын ашты. Осыған байланысты 215 кабинет 3 компьютермен жабдықталған. Толық ақпаратты келесі сайтта көрсетілген: https://qazby.enu.kz/
Сондай-ақ 2014 жылы М.М.Баймаханов атындағы (317) кабинеті ашылды.
Кабинеттер академиктердің ғылым және өмір жолына байланысты стендтермен және конфернция үстелдерімен жабдықталған, сондай-ақ факультетке сыйға тартылған авторлық жұмыстардан тұратын кітапхана жұмыс істеуде.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер онлайн-ресурстар арқылы http://library.enu.kz мекен-жайы бойынша «Толық мәтінді электрондық ресурстар» ғылыми кітапханасының электронды қорын пайдалану мүмкіндігіне ие, студенттер Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапханасын http: // www .rmeb.kz пайдалана алады. Студенттер мен оқытушыларға арналған оқу-әдістемелік ақпарат www.enu.kz порталдарында және веб-сайтында, кафедралар, компьютерлік сыныптар Интернетке қолжетімділікпен және университеттің жергілікті желісімен қамтамасыз етіледі. Электронды түрде барлық оқу-әдістемелік материалдар кітапхана порталында орналастырылады, оған әрбір студент өзінің жеке кабинеті арқылы қол жеткізе алады (АИС «Platonus» www.edu.enu.kz).
Білім алушылар 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап АҚШ елшілігімен серіктестік негізінде ашылған AmericanCornerAstana ақпараттық отралығының қызметтерін пайдаланады. Орталық баспа және электронды жинақтарға мәдени білім беру бағдарламаларына қолжетімділік ұсынып, көптілді білім берудың дамуына ат салысады. Оқытушылар мен студенттерге eLibrary USA америкалық кеңістігінде ағылшын тілді және мультидисциплинарлы дерек қорға қол жетімділік қамтамасыз етілген.
Бұл электронды ресурста 30 жуық ресурсттар жинақталған. Ерекше танымалдылыққа ғылыми мақалалар, кітаптар және әртүрлі ғылым салаларына байланысты сайттар (құқық, антропология, бизнес и экономика, компьютерлық технология және IT,білім беру, инженерия және технология, тарих, тілдер, лингвистика, психология, дін, әлеуметтік ғылымдар , физика, биология и биотехнология) ұсынатын AcademicOneFile, GREENR, JSOR, ProQuest, ebrary ие.
Сонымен қатар, eLibrary ОБ бойынша ағылшын тілінде білім беретін немесе білім алушыларға арнайы ОБ дисциплиналарын оқыту методологиясы, дайын жоспарлар мен жобалар жөнінде материалдар жинақталған.
