
Тәжірибе және жұмысқа орналастыру

Кафедра бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру
Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес оқу үдерісі тиімділігінің және білім беру бағдарламаларының мақсаттарын іске асырудың маңызды көрсеткіші түлектерді жұмысқа орналастыру болып табылады.
Кафедра бойынша бітірушілерді жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру кафедраның, заң факультетінің және университеттің жұмысқа орналастыру бойынша бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес және негізінде жүргізіледі. Кафедра түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша іс-шаралар келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- жұмысқа орналастыру бойынша кафедраның жұмыс жоспарын құру және бекіту;
- жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша білім алушылармен және бітіруші топ кураторларымен жиналыс өткізу;
- түлектер контингентін анықтау;
- жұмыс берушілермен кездесулер өткізу;
- түлектер туралы ақпарат дайындау (түйіндеме);
- бітірушілердің жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізу мақсатында бітірушілердің нақты мекен-жайы мен олардың ата-аналарының мекен-жайы, электронды пошталары көрсетілген бітіруші курс түлектерінің тізімін жасау;
- «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» іс шарасын өткізу және қатысу;
- заң факультетінің түлектерін жұмыс орынадрына бөлуге қатысу және өткізу;
- түлектерді жұмысқа орналастыру туралы есептерді дайындау;
- Кафедра түлектерін жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізу.
Кафедраның жұмысқа орналастыру бойынша жауапты іс-шараларды рәсімдеу бойынша құжаттар дайындайды (жұмысқа орналасуға мұқтаж/ мұқтаж емес түлектердің тізімі, ведомостар мен бөлу хаттамалары, есептер, мәліметтер және т. б.).
Отчет педагогической практики, отчет исследовательской практики.doc
Отчеты научно-исследовательской работы докторантов.doc
КАФЕДРАНЫҢ ЖҰМЫСБЕРУШІЛЕРІ:


-Полк полиции МВД РК по охране правительственных учреждении
-ҚБ "Ана құшағы"
-Нотариус города Нур-Султан Курбанова Д.К.
-ЖШС "Меттал Сервис Астана".
2024 жылдың қазан айында университет аясында "үздік тәжірибе базасы"тақырыбында бейнеролик дайындауға конкурс жарияланды. Бұл байқауға 10 факультет пен 2 институттың ұжымдары қатысты. Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Ж. И. Ибрагимов "Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соты"туралы бейнеролик дайындады. Бейнероликте студенттердің соттағы тәжірибесі, сот органдары жұмысының ерекшеліктері және білім алушылар үшін жасалған жағдайлар туралы айтылды. Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының практика үйлестірушісі Ж. И. Ибрагимов дайындаған бейнероликтің қорытындысы бойынша" Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соты ""үздік практика базасы" деп танылды.



ТҮЛЕКТЕРДІҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ:
Соңғы 5 жылдағы жұмысқа орналасу бойынша жалпы ақпарат
Отчет_по_трудоустр.23г каз.docx
ЖҰМЫСБЕРУШІДЕН АЛҒЫСХАТ








