

Халықаралық құқық - бейбітшілік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекетаралық және өзге де халықаралық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі. Халықаралық құқық әлеуметтік ғылымның саласы ретінде тәуелсіз гуманитарлық пәндермен, ең алдымен халықаралық қатынастар тарихымен, саясаттанумен, сыртқы саясатпен, дипломатиямен, әлемдік экономикамен, әлеуметтанумен және халықаралық тұрғыдан байланысы бар басқа ғылымдармен тығыз байланысты.
2003 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң факультетінде Қазақстандағы халықаралық құқық бойынша бірінші заң ғылымдарының докторы, профессор М.А. Сәрсембаевтың жетекшілігімен Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасы құрылды. 2008 жылдың қыркүйегінен бастап з.ғ.д., профессор Абайдельдинов Е.М. басшылығымен жаңадан құрылған халықаралық құқықтың мамандандырылған кафедрасы өз қызметін бастап, бүгінгі күні ол республикалық және халықаралық деңгейде жоғары беделге ие. 2014 жылдан бастап кафедра меңгерушісі з.ғ.д., профсессор Тлепина Ш.В.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің халықаралық құқық кафедрасы бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша халықаралық құқық және құқықтану саласында іргелі білімі мен практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауды жүзеге асырады. Оқыту үш тілде жүргізіледі: қазақ – мемлекеттік, орыс және ағылшын. Кафедра түлектері оқудан кейін Қазақстан Республикасында және шетелде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында халықаралық заңгерлер, үкіметаралық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, Әділет министрлігінің, Бас прокуратураның, Жоғарғы Соттың, Сыртқы істер министрлігінің сыртқы байланыстар жөніндегі департаменттерінің қызметкерлері ретінде жұмыс істей алады. Біздің түлектеріміздің арасында табысты адвокаттар мен заңгерлер, жоғары лауазымды мемлекеттік басқарушылар, беделді үкіметаралық ұйымдардың, қаржы құрылымдарының қызметкерлері, абыройлы ғылыми қызметкерлер және, тіпті, Мисс Қазақстан бар!
Кафедра өз қызметін студенттік центризм білім беру қағидаты бойынша жүзеге асырады. Университеттің жоғары техникалық жарақтандырылуы мен дамыған инфрақұрылымы білім алушылар мен оқытушыларға сапалы білім алуда қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Кафедра студенттері әрқашан университет шеңберіндегі әртүрлі қызығушылық клубтарында өз пікірлестерін оңай таба алады. Осындай клубтардың бірі - "international lawyers 'club", кафедра аясында жұмыс істейді.
2017-2018 жылдары кафедра отандық және халықаралық тәуелсіз рейтингтік агенттіктер мен аккредиттеу орталықтарында барлық білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден сәтті өтті. Атап айтқанда, "Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (IAAR)" КЕМ, the Accreditation, Certification and Quality Assurance Institute ACQUIN ұйымдарынан аккредиттеуден өткені туралы сертификаттар бар. Сонымен қатар, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті "Құқық" бағыты бойынша QS World University Rankings нұсқасында әлемдегі үздік 151-200 университеттің қатарына кіреді.
Құрылған сәттен бастап кафедра штатын халықаралық құқық және құқықтану саласындағы жоғары білікті мамандар құрайды. Кафедраның негізгі штатында Қазақстандағы халықаралық құқық бойынша заң ғылымдарының алғашқы докторы және профессоры, университеттің құрметті профессоры, елдің еңбек сіңірген ғалымы, профессор М.А.Сәрсембаев, халықаралық жария және халықаралық жеке құқық, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы саласындағы бірқатар танымал және құрметті ғалымдар, атап айтқанда, з.ғ.д., профессор Абайдельдинов Е.М., з.ғ.д., профессор Тлепина Ш.В. жұмыс істейді. Кафедрада докторантурада оқуды бітірген және халықаралық құқық бойынша философия докторы дәрежесін сәтті қорғаған оқытушылар да қызмет етеді: PhD, доцент м.а. Н.С. Қала, PhD, доцент м.а. Ж.Т. Искакова, PhD, аға оқытушы Р.Д. Ақшалова, PhD, аға оқытушы А.Ж. Жүнісбекова, PhD, аға оқытушы А.О. Ойнарова. Кафедраның барлық оқытушылары отандық және шетелдік білім беру мекемелері мен институттарында тағылымдамадан өткен.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы көптеген республикалық және шетелдік ғылыми іс-шараларға қатысады, үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Кафедра мүшелерінің көпшілігі әртүрлі ғылыми-зерттеу жобаларына, құқықтық сараптамаларды жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеуге белсенді қатысады. Кафедра оқытушылары, сонымен қатар, сыртқы дәрістермен заң мамандары ретінде әр түрлі мекемелерге жиі шақырылады, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығы да бар.
Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің халықаралық жария және халықаралық жеке құқық; Еуропалық құқық; Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да өңірлік бірлестіктер құқығы; Салыстырмалы құқықтану; халықаралық, өңірлік және ұлттық құқықтың өзара байланысы; конституциялық құқық саласындағы гранттары бойынша іргелі зерттеулердің үлкен көлемі орындалады; Кафедрада бірқатар оқу құралдары, монографиялар, жүздеген мақалалар және басқа да ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар әзірленіп, жарияланған.


